Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды.
Күн тәртібінде – елдің саяси, экономикалық және рухани жаңғыруы аясында партияның 2017 жылдың 10 айындағы қызметінің қорытындылары . Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.
Мәліметтер бойынша, депутаттар – партия фракциясының мүшелері Мәжіліске келіп түскен 148 заң жобасының 131-ін қарау жөніндегі жұмыс топтарын басқарды. 8 заң жобасына бастамашылық жасалды, олардың төртеуі қабылданды. Үкіметте «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», Ұлт жоспары «100 нақты қадам», «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша 106 ұсыныс енгізілді.
Кездесу барысында партияның Саяси кеңесі Бюросының құрамына өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылады.
Атап өтерлігі, кеңейтілген отырысқа министрлер, депуттар және қоғам қайраткерлері қатысады.
Сабина Сайлаубай