Қостанайда екі адам үсіп өлді

0
148

Қостанай облысындағы Денисов және Әулиекөл аудандарында 1968 және 1990 жылы туған екі әйел қатты аяздан үсіп, көз жұмды.

Ауа температурасының күрт төмедеуіне байланысты облыста төтенше жағдайларды жою мақсатында облыстық жедел штаб жұмыс істеуде.

Қостанай облысының ТЖД мамандары аязды күндері барынша сақ болуға шақырады.

«Аса қажеттілік туындамаған жағдайда далаға шығуға, балаларды қыдыруға жібермеуге кеңес береміз. Көлік жүргізушілері алыс жолдарға шықпағандары жөн. Қазіргі таңда облыс көлемінде үсік шалуға қатысты екі оқиға тіркелді. Денисов және Әулиекөл ауданында 1990 және 1968 жылғы екі әйел көз жұмды», — делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Аяздың күшейіп кетуіне байланысты Қостанай облысының ТЖД үсік шалған уақытта алғашқы көмек көрсету жолдарын түсіндіріп, аяз кезінде адам өзін қалай сақтандыру керектігін еске салады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз