Сирия оппозициясы Сочида өтетін ұлттық Конгреске қатысудан бас тартты

0
85
ашық дереккөзден, Риа новости

Сирияның оппозициялық және революциялық күштерінің Ұлттық коалициясы 18 қарашада өтетін Сирия мәселесі бойынша ұлттық диалог Конгресіне қатысуға шақыртудан бас тартқан.

Ұйым «Сирия еркін әскері» қарулы оппозициясы альянсының бас штабымен бірлесе мәлімдеме жасады деп хабарлайды Риа новости.

Конгреске қатысудан сонымен қатар Астанадағы келіссөздерге қатысқан аталған тізімдегі тағы бір топ «Оңтүстік майданы» мен Сирияның қарулы оппозиция делегациясы да бас тартқан.

Астанадағы келіссөздерге қатысушы оппозиция делегациясы Ұлттық конгресс «Сирия халқына ұмтылыс білдірмейді және БҰҰ қарарларына сәйкес келмейді» деп мәлімдеді . Оппозиционерлер «Башар Асад пен оның режимі биліктен таймаса» қандай да бір конференцияға қатыспайтындарын жеткізді.

Бұған дейін конгреске қатысудан келіссөздер бойынша Жоғары комитет – Эр-рияд оппозициялық тобы да бас тартқан болатын. Сирияның қарулы оппозиция делегациясының мүшесі Фатех Хассун Астанадағы келіссөздер барысында, қарулы топтарда аталған конгреске қатысудан бас тартқандарын мәлімдеді.

Сирия оппозициясына шақырту жіберілді – С. Лавров

ашық дереккөзден

Аталған мәселеге қатысты мәлімдеме жасаған Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирия оппозициясының барлық өкілдеріне Сирия ұлттық диалогының конгресіне шақыру жіберілді деп атап өтті.

«Менің ойымша, қазір бұл тақырып бойынша алдын-ала пікірлесулер, болжамдар тым көп. Конгреске шақырту Үкіметке де, және ерекше атап өтетінім барлық Сирия оппозициялық күштеріне жіберілді: Сирияның ішіне де, одан тыс жерлерге де», – деп мәлімдеді Лавров ЕҚЫҰ Бас хатшысымен келіссөздердің қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында.

Министрдің айтуынша, Сочидегі конгресс «2254 қарарын жүзеге асыруға кірісетін бірінші әрекет болады. Ол халықаралық қоғамдастық инклюзивті ұлтаралық диалогты ұйымдастыруда сириялықтарға көмек көрсету қажет деп шешті».

Бұдан өзге РФ СІМ ұлттық диалог Конгресіне  шақырылған 33 ұйымның тізімін жариялады.

Атап өтерлігі, «Валдай» форумында Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин бастама көтерген Сирия мәселесі бойынша ұлттық диалог Конгресі Сочида 18 қарашада өтеді. Бұған дейін Сирия мәселесі бойынша келіссөздер Астанада өткізілді. Жақында ғана Сирия мәселесі бойынша келіссөздердің 7 раунды түйінделді. Келесі 8 раунды Астанада желтоқсанның екінші жартысына жоспарланған.

Сабина Сайлаубай

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз