20 ақпан күні Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Аустрия Республикасына алғаш рет ресми сапармен барды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-сапарда Н.Нығматулиннің Аустрия Парламентінің бірнеше өкілімен кездесуі жоспарланған. Ол тізімде Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің Төрағасы В.Соботка, Аустрия Парламенті Федералдық Кеңесінің басшысы И. Аппе, ЕҚЫҰ қазіргі Төрағасы М.Лайчак және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының жетекшісі Г. Церетели бар.
Мәжіліс басшысының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының қысқы сессиясында сөз сөйлейтіндігі хабарланды. Ассамблеяға Еуропаның, Азияның және Солтүстік Американың 57 елінің 300-ден астам Парламент өкілдері жиналған. Сессия барысында Нұрлан Нығматулиннің бірқатар екіжақты кездесулері жоспарланған.