Аязды күндер қайта оралады

0
259
с источника
“Қазгидромет” РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, ел аумағы бойынша фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, соған байланысты жауын-шашын, күндіз оңтүстік-шығысында, шығысындағы таулы аумақтарда қатты қар жауады. 
Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с, Шығыс Қазақстан облысында күндіз екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін.
Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында екпіні 25 м/с болады.
Қостанай облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Манғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерінде тұман түседі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз