Сирияда тағы да жарылыс

0
93

Сирияның солтүстік-шығысында орналасқан Дэйр-эз-Зор қаласында тағы да лаңкестік жарылыс болды. Қалалық аурухананың маңында мина орналасқан көлік жарылып, салдарынан 15 адам ажал құшты. 

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, құрбан болғандар «Сирияның демократиялық күштері» бақылауындағы Аль-Омар мұнай кен орнының қызметкерлері.  Бұл арада АҚШ Сирияда 200-ден астам әскерін қалдыратындығын жеткізді. Бүгінде мемлекетте америкалық 2000 әскери бар.

Президент Дональд Трамп өткен жылдың соңында әскерін толығымен Сириядан шығартындығын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымы  жеңілді. Сол себепті әскерилердің Сирияда қалуы негізсіз деген болатын.

Лаңкестік әрекетті әлі ешқандай ұйым өз мойнына алмады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз