“Интернеттен оқып алып ем қабылдаудың қажеті жоқ”

0
134
№2 қалалық балалар ауруханасының сурдолог дәрігері Әсел Құдайбергенова тексеру үстінде.

Астанада № 2 қалалық балалар ауруханасына базасында есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп ашылды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Дәрігерлер есту қабілетінің нашарлауының алдын алуға санитарлық-ағарту жұмысын жүргізуді жоспарлап отыр. Мұнда есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ата-аналарымен әңгіме жүргізілетін болады.

“Мен есту қабілеті бұзылған балалардың ата-анасымен байланыс орнатқым келді. Одардың жалғыз еместігін көрсетіп, мәселелерін шешуге болатынын көрсеткім келді. Кей балалардың есту қабілетінің нашарлығы дер кезінде анықталса, емдеуге болады. Сабақты айына екі рет өткізу жоспарлануда”, – деді №2 қалалық балалар ауруханасының сурдолог дәрігері Әсел Құдайбергенова.

Есту қабілетін нашарлататын аурудың кейбір түрлері пациентте өмір бойы болады, сол себепті білімді толықтырып отыру қажет. Дәрігердің айтуынша, есту және сөйлеудің қазіргі замандағы диагностикасы мен емі, түзеу және оңалтудың арқасында баланың дамуы өзінің құрбы-құрдастарынан кем болмайды.

“Интернеттен оқып алып немесе халықтық әдістермен ем қабылдаудың қажеті жоқ. Баланың есту және сөйлеуінің нашарлығын дер кезінде анықтап, дұрыс ем қабылдамау баланың дамуына кері әсерін береді. Тек кәсіби маман ғана дұрыс диагноз қоя алады. Ал, қазіргі заманғы медицина кемшілікті ерте анықтап, дұрыс ем белгілеуге мүмкіндік береді”, – деді дәрігер.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз