Қайнаған судың қандай зияны бар?

0
3,566
Қайнаған су. Көрнекі сурет.

Қандай ауызсу ішіп жүрміз? Ауызсуды бірнеше рет қайнатып ішу пайдалы ма, зиян ба? Ауызсуды қайнатқаннан кейін ыдыста неге қақ түзіледі? Бұл туралы baribar.kz сайты жазды. 

Суды неге екі рет қайнатуға болмайды?

Дәрігер Арай Әміре “қайнаған судың құрамында зиян заттар болмайды” деген түсінікті жоққа шығарды.

Суды құрамындағы бактериялардан тазарту мақсатында қайнатып ішеміз. Бірақ ондағы А гепатиті вирусы су қанша қайнаса да, жойылмайды. Сонымен қатар ботулизм бактериясы суды бес сағат қайнатқанда ғана өледі. Ал біз ауызсуды бес сағат бойы қайната алмаймыз. Бұл кезде су буға айналады, – дейді диетолог.

Оның айтуынша, суды қайнатқанда ол қатты күйінен жұмсарады. Бірақ оны екінші рет қолданбаған дұрыс.

Қайнаған суды жарты сағат өткеннен кейін ішуге болмайды. Себебі ішіне микроб түседі. Суды пайда болған микробтан тазарту үшін оны қайтадан қайнатып, ішпеңіз. Бұл жағдайда ол құрамындағы магний, кальций сияқты элементтерден және пайдалы дәрумендерден арылады. Екі қайнаған су адам ағзасына кері әсер етеді. Сондықтан әр ыстық судан кейін шәйнекті міндетті түрде жуу керек, – дейді Арай Әміре.

Суды тек 90 градусқа дейін, яғни толық қайнатпай қолдану керек. Су қатты қайнағанда оның барлық пайдалы дәрумені жоғалады.

Егер таңертең ашқарынға 90 градусқа дейін қайнаған су ішсеңіз, ағзаңыздан түні бойы бөлінген қалдықтар шығады. Бұл нәрсені әдетке айналдырсаңыз, метаболизмнің жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі. Үйде фильтр болса, суды тазартып ішкен, әрине, дұрыс. Cу 90 градуста өлі су саналады. Қайнаған суды басқа ыдысқа құйып, тұндырып, ішіне күміс салып қойса, ол қайта өңделгендей күйде болады. Кран суын да осындай тәсілмен ішуге болады, – дейді маман.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз