7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні. Қазақстанның медицина ұйымдарында “Денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту: барлығы үшін және бүкіл жерде” айдарымен 10 сәуірге дейін ашық есік күндері өтеді.
Қазақстанның медицина ұйымдарында 1-10 сәуір аралығында ашық есік күндері өтеді.
Ашық есік күндері әрбір ниет білдіруші денсаулығының жай-күйі туралы арнайы мамандардың консультациялық-диагностикалық және практикалық бейінді мамандардың көмегін тегін ала алады. Олар – офтальмолог, оториноларинголог, кардиолог, невропатолог, травматолог, педиатр, психиатр-нарколог, эндокринолог, балалар ортопеді, логопед, дефектолог және басқалар.
Бұған қоса, Дүниежүзілік денсаулық күні шеңберінде Қазақстанның барлық медицина ұйымында флешмобтар, салауатты жаттығулар, веломарафондар және тағы басқа іс-шаралар ұйымдастырылады.
Жалпы білім беретін мектептерде денсаулық елшілерінің, танымал спортшылар, әншілер, актерлердің қатысуымен жаттығулар өтеді.
Baribar.kz хабарлауынша, денсаулық мектептерінде, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында халықпен медицина қызметкерлерінің, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің “Уақтылы скринингтен өту” тақырыбында кездесулер өтеді.