Оралу
Cпорт Алматы балалар үйінің қызы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
Алматы балалар үйінің 12 жасар қызы Анна Водолазова – Біріккен Араб Әмірліктерінде жасөспірімдер арасында өткен джиу-джитсудан әлем біріншілігінде алтын медаль жеңіп алды.
Анна Джиу-джитсу жаттығуына аптасына жеті рет барады , сонымен қатар ол бимен айналысады.
“Аня балалар үйіндегі бесінші жылы. Алматыда № 70 мектепте оқиды, үлгерімі жақсы. Біз оның БАӘ-дегі әлем чемпионатындағы жеңісіне өте қуаныштымыз. Аня джиу-джитсумен бір жыл айналысқанына қарамастан, ол жүлделі орындарға ие болды. Барлығы Samurai академиясы мен бапкер Альберт Алдияровтың арқасында”, – деді Гүлмира Қондыбаева.
“ Мен балалар жаттығу залына келегеннен бастап, алдыма олардан чемпиондарды шығару міндетін қойдым. Уәдемде тұрдым. Әлем чемпионатында бес жекпе-жек болды. Оның екеуін мерзімінен бұрын аяқтап, Анна чемпионы атанды. Ол рухты қыз. Джиу-джитсу – бұл, ең алдымен, өзімен күрес, қиындықтарды жеңе білу дағдысы қалыптасады. Күрес оларды қалыптастырады,дұрыс мақсат қояды. Кілемде де, өмірде де қиындықтарды дұрыс және тез шешуге үйретеді “, – дейді бапкері Альберт Алдияров.