Д.Трамп биліктен шеттетіле ме?

0
44
President-elect Donald Trump gestures as he speaks during a "USA Thank You" tour event, Thursday, Dec. 1, 2016, in Cincinnati. (AP Photo/Evan Vucci)

АҚШ Конгесіндегі депутаттар президент Дональд Трампқа импичмент жариялау мәселесін қайта көтерді, деп хабарлайды news.tut.by орыс тілді агенттігі.

Ақ үй басшысының мамыр айында Федералды тергеу бюросының басшысы Джеймс Комиді негізсіз қызметінен босатқанын алға тартып Қауымдар палатасының бірнеше депутаты Д. Трампқа импичмент жариялау мәселесінде бастамашы болды.Депутаттардың пікірінше президент бұрынғы кәсібін әлі күнге дейін пайдаланып, бұқаралық ақпарат құралдарына қысым көрсетіп келген.

Бұған дейін маусым айында да демократ Брэд Шерман мен Эл Грин президент Ресеймен тергеуге кедергі келтірді деп импичмент жариялауды ұсынған болатын. Десе де бұл ниеттерінен еш нәтиже шығара алмады.

Брэд Шерман Трамптың мінез-құлқы біршама уақыт өтседе республикалықтарды импичмент әрекетін  мақұлдауға мәжбүр ететініне сенімді.

200 жылдан астам уақыттан бері АҚШ билік өкілдері үш президентке – Андрей Джонсонға, Ричард Никсонға және Билл Клинтонға қарсы импичмент жариялаған болатын.

Импичмент – бұл лауазымды тұлғаларды сот тәртібін пайдалана отырып қызметінен босату. Импичмент механизмі алғаш рет он төртінші ғасырда Англияда пайда болды, онда ол трибунал мен патшаның кеңесшілеріне қарсы қолданылған болатын.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз