Қазақстан және Болгария: ынтымақтастықтың нақты даму жоспарларын айқындады

0
85

Қазақстан Республикасы мен Болгария Республиксының сыртқы саяси ведомстволары Болгария астанасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты қамти отырып, барлық қарым-қатынастарды жандандыруға бағытталған саяси консультациялар жүргізді.

Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Болгария делегациясын – Сыртқы істер министрінің орынбасары Юрий Штерк басқарды.

Тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін егжей-тегжейлі талқылады, күн тәртібінің өзекті өңірлік және ғаламдық мәселелері бойынша пікір алмасты.

2017 жылғы 5 маусымда 25 жылдығы атап өтілген дипломатиялық қарым-қатынастарды орнатқан кезден бері дәйекті дамып келе жатқан халықаралық ұйымдар шеңберіндегі қос мемлекеттің табысты өзара іс-қимылы туралы сөз қозғалды.

Болгар тарапы Қазақстанды Орталық Азиядағы тұтқалы серіктестік ретінде қарастырады және елімізбен 2018 жылғы бірінші жарты жылдықта Еуропалық Одақта өз төрағалығы барысында ынтымақтастықты ары қарай нығайтуға арналған бағытты қолдайды. Келіссөздер барысында атап көрсетілгендей, Болгарияда сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік нығайтуға, соның ішінде сириялық жанжалды Астаналық үдеріс арқылы реттеуге қосқан үлесін жоғары бағалайды.

Нақты іскерлік жобаларды іске қосу және жүзеге асыру мәселелері қазақстандық делегацияның Софияда 2015 жылдан бері жұмыс істейтін Қазақ-болгар сауда палатасының басшылығымен әңгіме тақырыбы атанды.

Сонымен қатар, Р. Василенко Софияға іссапары барысында Болгария Ұлттық жиналыс төрағасының орынбасары Валери Жабляновпен және елдегі заңнамалық органның басқа депутаттарымен кездесу өткізді.

Қазақстандағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы қазақ тілінің латын графикасына жоспарлы көшуін қамти отырып, қазақстандық дипломаттың София университетінің студенттері үшін басты дәріс тақырыбы атанды. 2015 жылдан бастап осынау оқу орнында ҚР Дипломатиялық миссиясының ықпалымен Болгарияда Қазақ тілін зерделеу орталығы қызмет істейді, онда шамамен 20 студент оқуда. Болгар жастары Қазақстанның тарихына және мәдениетіне жіті қызығушылық танытады, сондай-ақ біздің елдің халықаралық аренадағы белсенді қызметін мұқият қадағалайды.

Қос елдің іскер айналасының өкілдерін белсенді түрде тарта отырып, аталған салаларда өзара іс-қимылды өрістету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз