Назарбаев Сирия келіссөздері туралы пікір білдірді

0
69

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубының үшінші отырысында Астанадағы Сирия мәселесі бойынша келіссөздер туралы әңгімеледі.

Мемлекет басшысы барша адамзатты алаңдатып отырған үш мәселе – терроризм, ядролық қару және Солтүстік Корея екенін атап өтті. Н. Назарбаевтың пікірінше, аталған үш мәселе барлық мемлекеттер, әсіресе ұлы державалар – АҚШ, Ресей және Қытайдың бірігуінсіз шешілмейтінін алға тартты, деп хабарлайды zakon.kz.  Дегенмен, экономикалық және саяси мәселелер бойынша үш алпауыт елдер арасында түсініспеушілік бар.

«Бұл бізді алаңдатады, өйткені Сирия бізден алыс емес, бұл біздің аймақ. Біздің жастар онда соғысуға барды, оларды үгіттеген. Өмірде реттелмеген дүниелерді ақшаға сатып алуға болады. Біз осы бағытта дабылдың ортасында тұрмыз. Сондықтан мен әрдайым қызығушылық танытамын. Ресей, Түркия және Иран көшбасшылары Женева отырысына келмегендер келуі мүмкін деп біздің алаңды ыңғайлы санағанда, әрине мен келіссөздер алаңын беруге келісімімді бердім», – деп мәлімдеді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы келіссөздердің 7 раунды өткенін айтты. Қазақстанға Сирияда соғысып жатқан жасақтардың нағыз командирлері келді.

«Өте қиын келіссөздер, әр қилы пікірлер. Біз керемет жетістіктерге жетеміз деп айтуға болмайды, бірақ артықшылығы мен қозғалысы айқын. Біз әлем үшін ИГИЛ*-мен (ИГИЛ* -Қазақстан мен бірқатар мемлекеттерде тиым салынған террористік топ) күресте қайырымды іс жасап жатырмыз деп есептеймін», – деп мәлімдеді Н. Назарбаев.

Атап өтерлігі, 13 қараша 2017 жылы Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астана клубының үшінші отырысы өтті. Astana club – 27 елдің 60 қатысушысын жинаған халықаралық пікірталас алаңы.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз