Әлем көзтіккен ойын

0
113

Бүкіл әлем көз тіккен Чемпиондар лигасының жартылай финалының алғашқы ойынында Барселона командасы  ағылшындық Ливерпульді 3-0 есебімен тізе бүктіріп, финалға шығу мүмкіндігін арттырды.

Image result for барселона ливерпуль

Ливерпуль командасының бас бапкері Юрген Клопп ойын алдында берген сұхбатында:
“Бүгінгі ойын 60%- 40% Барселонаның ойыны басымырақ болары сөзсіз. Себебі, құрамында әлемнің үздік ойыншысы Лионель Месси бар”- деген болатын.
Ойынның алғашқы таймында қос команда тең дәрежеде ойын көрсете алды. Алғашқы таймның 26 минутында Жорди Альбаның керемет пасын ұтымды пайдаланып Луис Суарес есепті ашты.
Бас бапкер Юрген Клопптың ойлағаны келіп, Лионель Месси ойындағы алғашқы голын 75-ші минутында, екінші голын 82- ші минутында соғып, әлемнің үздігі екендігін тағы бір дәлелдеді.

Image result for гол месси в ворота ливерпуля

Жалпы есеп 3-0 Барселонаның жеңісімен аяқталды. Қарымта ойын мамыр айының 8- і күні ағылшындардың Энфилд алаңында өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз