Жұматай Әлиев қазақ тілінен сынақтан өтпеді

0
161

2-ші сәуір күні “Халық демографиясы” қоғамдық бірлестігі ҚР Президенті лауазымына үміткер Жұматай Әлиұлы Әлиев мемлекеттік тілде емтихан тапсырды.

Үміткер жөнінде лингвистикалық комиссияның мүшесі филология ғылымдарының докторы Әділ Құрманжанұлы Ахметов:
“Мемлекет және дін” деген тақырыпта шығарма жазды. Алайда, тақырып мүлдем ашылмаған, жүйесіз болды. Оқылым бағыты бойынша “Абай жолы” романының екінші томынан үзінді оқыды. М. Әуезовтың тілі қыздың жиған жүгіндей ғой. Үміткер өз тілінің шорқақтығын байқатты. Айтылым бағыты бойынша “Ырыс алды- ынтымақ” деген тақырыпта баяндама жасады. Тақырып толық ашылмады, тағы да үстірт болды. Шығармада бас- аяғы он үш сөйлем. Мәтіннен он тоғыз қате табылды. Ереже бойынша қателік саны сегізден асса, ол шығарма теріс бағаланады. Комиссия мүшелері кеңесе келе президенттікке үміткер мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деген қорытындысы шықты”- деген қорытынды айтты.
ОСК  Жұматай Әлиұлы Әлиевтің мемлекеттік тілді еркін меңгермегендігін ескере отырып президенттікке үміткер бола алмайтындығы туралы шешім шығарды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз