Головкин әлем чемпионы атағына таласады

0
112

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 5 қазанда Нью-Йорк қаласында (АҚШ) украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен жекпе-жекке шығады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

 

View this post on Instagram

 

You know that I consider Madison Square Garden as my home away from home and there is nothing better than fighting there again. ⠀ On October 5th it’s going to be a good fight. Every time I enter the ring I try to give my fans the fight they want to see, the show they deserve. It will be such a fight. We will bring back Big Drama Show to the ring of @thegarden and to @dazn_usa 👊🏻 Don’t miss it! 💥 You will see everything you love in sport of boxing. See you in New York! ⠀ Рад буду вернуться на ринг в @thegarden, который считаю своим вторым домом. 5 октября будет хороший бой. Мы вернём Big Drama Show в Madison Square Garden и на DAZN. Вы увидите всё, что так любите в боксе. Увидимся в Нью-Йорке!

A post shared by Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing) on

Америкалық ESPN сайты екі боксшының кездесу шарттарына 21 тамызда қол қойғанын хабарлады.

Осы жекпе-жекте жеңіске жеткен боксшы орта салмақтағы IBF (International Boxing Federation) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын иеленеді.

IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы бұған дейін мексикалық Сауль Альваресте болған. Бокс ұйымы Альваресті Деревянченкомен жекпе-жекке шығуға міндеттеген. Бірақ екі боксшы ақша жағынан келісе алмаған. Тамыздың басында IBF Альварестен бұл атақты қайтарып алған. Кейін ұйым чемпиондық белдікке Головкин мен Деревянченконы үміткер деп жариялаған.

37 жастағы Геннадий Головкин кәсіпқой бокста 41 жекпе-жекке шыққан. 39 кездесуде жеңіп, біреуінде тең түсіп, біреуінде жеңілген. Боксшы 2018 жылы қыркүйекте мексикалық Сауль Альварестен жеңіліп, орта салмақта (72,6 кг) WBA, WBC, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағынан айырылған.

Ал 33 жастағы Деревянченко 14 кездесудің 13-ін жеңіп, біреуінде жеңілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз