Сенаторлар Арыс қаласының тұрғындарымен кездесті

0
99

21 тамызда Сенат депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Арыс қаласының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Депутаттар әр тұрғынына 100 мың теңгеден беру бойынша жұмыс барысын, қираған үйлерді қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Сапар барысында шаһардағы жаңа стадионды қайта ретке келтіру мәселесі де көтерілді.

Депутаттар облыстағы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ерекше көңіл бөлді. Ордабасы мен Түлкібас аудандарына барғанда субсидиялау, ауыл шаруашылығына несие бөлу, мал өнімдерінің бағасын түсіру сияқты маңызды мәселелер көтерілді.

Сайрам ауданының тұрғындарымен өткен кездесуде мұғалімдер мәртебесін көтеру, комуналдық төлемдер құны, әлеуметтік медициналық сақтандур туралы сөз болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз