2 қыркүйек күні Елордада ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Жиынды шақыру туралы өкімге Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қол қойды. Бұл туралы 26 тамыз күні Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
“Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын”, – делінген хабарламада.