Магистратураға түскен мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды

0
210
Сурет: freepik.com

Магистратураға мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры міндетін атқарушы Дидар Смағұлов әлеуметтік желіде жазды.

Конкурс нәтижесін Testcenter.kz сайтынан немесе Konkurs_magistratura_2019 Telegram-боты арқылы білуге болады.

“Грантты компьютер бөлгенімен, процестің қаншалықты маңызды екенін ұғынып, әр тізімді, шамамен 12 мың жазбаны қолмен тексеріп шықтық. Себебі Орталық өз жұмысында үміткерлердің құқығына басымдық береді”, – деп жазды Дидар Смағұлов Facebook желісінде.

Айта кетейік, биыл магистратураға бөлінген 13 мың грантқа 30 мың адам үміткер болған еді. “Жалпы саны 9 701 үміткерге грант тағайындалды. Қалған 3 108 грант бюджетке кері қайтарылды. Бірінші айналымнан қалған гранттар сұраныстағы мамандықтар бойынша қайтадан бөлінеді”, – деді Д. Смағұлов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз