Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған халықаралық Парламенттік Конференция шеңберінде ҚР Премьер-министрі Нұрлан Нығматулин РФ Мемлекеттік Думасы төрағасының орынбасары Сергей Неверовпен кездесті, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Кездесу басында Мәжіліс төрағасы Сергей Неверовты Мемлекеттік думаның «Біртұтас Ресей» фракциясының жетекшісіне сайлануымен құттықтап, бұл Қазақстан-Ресей қарым-қатынасына, оның ішінде парламентаралық деңгейге жаңа серпін беретініне сенім білдірді.
Сондай-ақ, Н.Нығматулин Қазақстан мен Ресей басшыларының өзара түсінік пен достыққа негізделген екі жақты ынтымақтастықты нығайтудағы жоғары нәтижелеріне тоқталды.
Н.Нигматулин мен С.Неверов екі елде жүргізіліп жатқан реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, аймақаралық ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруға мүдделі екенін атап өтті.