ҚР Тұңғыш Президент күні қарсаңында ұйымдастырылған «Жаңа жаһандық шындықтағы жаңғыртудың қазақстандық моделі» атты халықаралық конференция аясында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бірқатар елдердің парламенттері вице-спикерлерімен екі жақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.
Келіссөздер барысында Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасының орынбасары Ахмет Айдынмен, Венгрия Мемлекеттік Ассамблеясының вице-спикері Тамаш Шнайдермен, Болгария халықтық ассамблеясы төрағасының орынбасары Валери Жабляновпен, Әзірбайжан Ұлттық Мәжілісінің вице-спикері Валех Алескеровпен келіссөздер барысында одан әрі ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары талқыланды. Парламентарийлерге парламенттік форумға қатысқаны үшін алғыс білдірген Нұрлан Нығматулин жоғары деңгейдегі байланыстардың динамикасын атап өтіп, бұл елдер арасындағы қатынастардың орнықты дамуына өзара қызығушылық танытты.
Мәжіліс Төрағасы ЕҚЫҰ, ТМД, түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясы аясындағы өзара іс-қимылға тоқтала отырып, парламентшілердің халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуге күш салудың маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде, қатысушылар ұйымдастырылған іс-шараның жоғары деңгейін айта отырып, парламентаралық деңгейдегі ынтымақтастықты жандандыруға тілек білдірді.