Елбасы Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыхановпен кездесті

0
52

Мемлекет басшысы ҚР Америка Құрама Штаттарындағы елшісі Ержан Қазыхановпен кездесті, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесуде Қазақстан Президентінің келесі жылдың басында Америка Құрама Штаттарына жасалатын сапарына қатысты жүргізіліп жатқан дайындық барысы жөнінде Мемлекет басшысына баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев алдағы сапардың маңыздылығына тоқталып, оның аясында жоғары деңгейде бірқатар маңызды кездесулер өтіп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына қатысу жоспарланып отырғанын айтты.

Мемлекет басшысы кездесу соңында бірқатар маңызды тапсырмалар берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз