Қазақстан мен Нидерландының премьер-министрлері кездесті

0
84
Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин мен Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте. photo: primeminister.kz

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Гаага қаласына ресми сапары аясында Нидерланды премьер-министрі Марк Рюттемен кездесті. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады. 

Рюттемен кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, энергетика, қаржы, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы салаларында өзара қарым-қатынасты одан әрі кеңейту жолдары талқыланған.

“ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Нидерландымен тұрақты серіктестік өзара қарым-қатынастарының негізін салды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейбітшілікті жақтаушы көпвекторлы сыртқы саясаттың сабақтастығын сақтайды және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ерекше көңіл бөледі”, – деді Асқар Мамин. 

Нидерланды — Қазақстанның Еуропадағы негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі. Тәуелсіздік жылдары Нидерландыдан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағымы $92 млрд-тан асты. ҚР-да Нидерланды капиталының қатысуымен 900-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы $6,5 млрд.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз