Twitter саяси жарнама жасауға тыйым салмақ

0
71
Photo by Jaap Arriens/NurPhoto via Getty Images

Twitter компаниясы өз желісінде саяси жарнама жасауға тыйым салуды көздеп отыр. Бұл туралы компания директоры Джек Дорси Twitter парақшасында жазды.

Дорсидің ойынша, саяси идеяларды сатып алуға болмайды.

“Біз бүкіл әлем бойынша Twitter платформасында саяси жарнама жасауды тоқтатамыз деп шештік. Біз саяси жақтастарды сатып алмай, өзің ісіңмен тарту керек деп есептейміз”, – дейді Джек Дорси.

Ол шешімнің сөз босандығына кедергі жасамайтынын айта кетті. Себебі бұл аудиторияны сатып алуға қатысты шешім.

“Бұл шешім қазір танымал саясаткерлерге ыңғайлы деген ой болуы мүмкін. Бірақ біз кейбір қоғамдық қозғалыстардың саяси жарнамасыз-ақ танымал болғанын байқадық”, – деп қоса кетті Джек Дорси.

Компанияның бұл шешімі толықтай 15 қарашада жарияланып, 22 қарашада күшіне енеді.

Осының алдында компания мемлекеттік БАҚ өкілдерінің жарнамасын жасаудан бас тартқан.

Айта кетейік, Қазақстанда Twitter желісін көбіне саяси белсенді тұлғалар қолданады. Желінің тұрақты қолданушыларының бірі – Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз