Үш жыл ішімдік ішпеген америкалық қалай өзгерді?

0
78
Photo: medialeaks.ru

АҚШ-тың темір жол саласында жұмыс істейтін инженер Кенни Данн үш жыл бұрын алкогольден бас тартуға шешім қабылдаған. 37 жастағы инженер осы уақыт аралығында қалай өзгергенін суретке түсіріп әлеуметтік желіде жариялаған. Бұл туралы Medialeaks-ке сілтеме жасап Tengrinews жазды.

24 сағаттан соң.
Photo: medialeaks.ru

Америкалықтың айтуынша, колледжде оқып жүргенде ішімдік ішуді бастаған. Алайда, нағыз проблема он жыл бұрын басталған. Ол ішкен кезде өзін тоқтата алмайтындай халге жеткен. Кенни бұрын да ішімдікті қойған, алайда бірнеше күн, апта не ай өтткен соң қайтадан алкогольге оралатын.

30 күн өткен соң.
Photo: medialeaks.ru

“2016 жылдары ішімдікке салынып кеттім. Тәулігіне 12-ден 24 бөтелкеге дейін ішетін халге жеттім, аптасына 3-4 рет ес білместей етіп ішуді шығардым. Мұның проблема екенін білетінмін, алайда шешу жолын білмедім”, – деді ол.

Кенни Данн бір жыл бұрын ішімдікті тастаған құрбысына қоңырау шалып көмек сұраған. Ертесіне олар “аноним ішімдікқұмарлар” кездесуіне барған.  Басында ешкім сенбеген. Бірінші суретті ол бір тәуліктен соң түсірген. 2017 жылы қарашада бір жыл алкогольсіз өмір сүрген, Кенни суреттерін туыстарына көрсеткен. Бір жыл өткен соң ол екі жылдық өзгерісті жариялады.

Reddit сайтында оның жазбасы 65 мың лайк жинаған, ал пікір қалдырушылар оның мұндай жетістікке қалай жеткенін сұрады. 2019 жылы 2 қарашада Кенни үш жыл бұрын түсірілген суретімен қазіргісін салыстыруды ұсынды.

Оның айтуынша, бойы 175 сантиметр салмағы 112 келі болған. Қазір ішімдік ішпегелі үш жыл болғанда 35 келі тастап, қазір оның салмағы 77,5 келі. Ол өзінің 37 жасында жас кезіне қарағанда қазір едәуір өзін жас сезінетінін айтады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз