Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшісі Раушан Есболатова Тайланд Королі Маха Вачиралонгкорнға сенім грамотасын табыстады, деп хабаолайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Салтанатты рәсім барысында Р. Есболатов Таиланд Королін «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес Қазақстан дамуының қазіргі кезеңі мен елдің болашағы туралы хабардар етті.
Тайланд Королі қазақстандық дипломатты тағайындалған қызметі үшін құттықтап, Қазақстан-Тайланд ынтымақтастығының қарқынды дамуына және екі ел мен халықтар арасындағы достық қарым-қатынастардың нығаюына сенім білдірді.
Тайландтық монарх Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Қазақстан халқына Президент күніне арнап құттықтау жолдай отырып, елдің одан әрі гүлденуі мен өркендеуіне тілек білдірді.