Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенті Дональд Трамптың бұрынғы кеңесшісі Майкл Флинн Федералдық тергеу бюросына (ФТБ, орысша: ФБР) Ресейдің АҚШ-тағы елшілігімен байланысы туралы жалған ақпарат бергенін мойындады. Бұл туралы ағылшынның BBC агенттігі хабарлайды. Тағылған айыптаулардан кейін отставкаға кеткен Флинн Түркиямен қарым-қатынасы жайлы да өтірік айтқанын атап өтті. Флинн сот залында «ресейліктермен Дональд Трамптың қалауымен кездестім» деген мәлімдеме жасайды», деп топшылайды агенттік.

24 күн АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі болған Майкл Флинн тағылған айыптауларды толықтай қабылдады. Тергеу органдарымен белсенді ынтымақтастық жасауға келіскен Флинн «сатқындық» бабымен айыпталу оған ауыр тигенін мәлімдеді. «Істегендерімнің дұрыс емес екенін білемін және оны түзетуге тырысамын» деген Флинн ынтымақтастық туралы шешім қабылдауының елі үшін де, отбасы үшін де ең дұрыс шешім болып табылатындығын атап өтті.

savcılık belgesi

Американың New York Times (NYT) газеті Флиннің адвокаттары бұрынырақ Дональд Трамптың заңгерлерімен ақпарат алмаспау туралы шешім қабылдағанын хабарлаған болатын.

Газеттің хабарлауынша, бұл жәйт Флиннің (Ресейдің АҚШ-тағы президенттік сайлауға ықпалына қатысты тергеу жүргізген) ФТБ-ның бұрынғы басшысы Роберт Мюллермен бірге әрекет еткенін немесе келіссөз жүргізгенін көрсетеді.

Michael Flynn

Түркиямен байланысы

Түркия-АҚШ іскерлік кеңесінің төрағасы Еким Алптекинге тиесілі Голландияда тіркелген Inovo BV есімді консалтинг компаниясы мен Флиннің Flynn Intel Group компаниясы арасында 2016 жылдың тамыз айында үш айлық келісімшарт жасалған. Келісімшартқа сәйкес, Flynn Intel Group компаниясының АҚШ-тың инвесторлары алдында Түркияның имиджін түзетуі және АҚШ-та тұратын Фетхуллаһ Гүлен жайлы зерттеу жүргізуі керек болған.

Gulenopoly
Flynn Intel Group-тың АҚШ-тың Әділет министрлігіне ұсынған құжаттарына сәйкес, компанияның қоғаммен байланыс және лобби жұмыстарымен айналысатын бір фирмамен келісімге отырып, танымал «Монополия» үстел ойынына (Monopoly) ұқсас «Gulenopoly» атты бір ойын дайындау туралы мәмілеге келгені анықталды. Ойын картасында «Гүлен қозғалысы саяси және экономикалық ықпал жасауда ерекше көзге түсті, бірақ бұл қараңғы ұйымның әшкереленуімен ойын аяқталады» деп жазылған.

Flynn Intel Group-тың АҚШ Әділет министрлігіне берген есебінде Inovo BV компаниясының тиісті компанияға 530 мың доллар төлегені белгілі болды.

Flynn Intel Group-тың Inovo BV-мен келісім жасасқаннан кейін Әділет министрлігіне Түркияның атына лобби қызметін көрсететіні жайлы ақпарат бермеуі Майкл Флинге қатысты қылмыстық істің ашылуының тағы бір себебі болатын.

АҚШ заңнамаларына сәйкес, бір америкалық шет мемлекеттің мүддесін қорғай бастаған кезде-ақ Әділет министрлігіне есеп беріп, «шет елдің лоббисті» ретінде тіркелуі керек.

Flynn Intel Group болса, Inovo BV компаниясның лоббисті ретінде 2016 жылдың қыркүйегінде тіркелгеніне қарамастан, Түркияға қатысты ешқандай мәлімдеме жасамаған.

Ресми құжаттарда «шет ел үкіметтерімен байланысы жайында басқа да өтірік мәлімдемелері» деген тақырыпта көрсетілгендей, Флинн бұл айыптауларды толықтай мойындады.

«Түркия Республикасының мүддесі үшін жасалған «Түркия жобасына» түрік республикасының қаншалықты араласқаны жайлы білгем жоқ және «Түркия жобасы» АҚШ-тық бизнес өкілдерінің Түркияда бизнес жүргізуге деген сенімін арттыруға бағытталады», – деп бұрын жасаған мәлімдемелерінің жалған екенін мойындады Флинн.

Флинн, сондай-ақ, 8 қараша 2016 жылы The Hill атты интернет сайтында жарияланған мақаланы өз ықыласымен (инициатива) жазбағанын, түркиялық лауазымды тұлғалардың қалауымен жазғанын да мойындады.

Сонымен қатар, Фетхуллаһ Гүленді ұрлап әкетіп түрік билігіне тапсырған жағдайда Флинн мен оның ұлына миллиондаған доллар ұсынылғанына қатысты болжам да сотта қаралған болатын.

Американың Wall Street Journal (WSJ) газеті таратқан хабарға сәйкес, Гүленді ұрлап әкеткенде Флинн және оның (толықтай аттас) ұлы Кіші Майкл Флинге 15 миллион долларлық сыйақы қарастырылушы еді.

Флинн әулетінің адвокаттары Үлкен Флиннің Фетхуллаһ Гүленді елден алып шығып, Түркияға тапсыру туралы келіссөздер жүргізгені туралы мәлімдемелерді жоққа шығарған-ды.

24-ақ күн қызмет еткен еді

Дональд Трамп АҚШ президенттігі қызметіне бастаған сәтте оның ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі болып тағайындалған Майкл Флинн небәрі 24 күннен кейін отставкаға кетуге мәжбүр болған еді.

Майкл Флиннің отставкаға кетуіне Трамптың сайлау компаниясы кезінде Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Сергей Кислякпен өткізген кездесулерінің мазмұны жайында Вице-президент Майк Пенс және басқа да лауазымды тұлғаларға жалған ақпарат беруі себепші болды.

Кейіннен Флиннің Кислякпен өткізген кездесулерде АҚШ-тың Ресейге салған санкцияларын талқылағаны және бұны жасыруға тырысқаны әшкере болған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз