АҚШ елшісі Ресеймен қарым-қатынасты жақсарту шартын айтты

0
49
дереккөзден

Украинадағы жағдайды тұрақтандыру Мәскеу мен Вашингтон арасындағы сенімді қалпына келтіруде өте маңызды. Бұл туралы «Ведомости» газетіне сұхбат берген АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Джон Хантсман мәлімдеді деп хабарлайды Lenta.ru.

Украинадағы жағдайдың белгілі бір өз қиындықтары барын алға тартқан елші тек Украина Мәскеу мен Вашингтонның екіжақты қарым-қатынасында жаңа өмірді тыныстатуға мүмкіндік беретін маңызды тақырып екенін, Украина Мәскеу мен Вашингтонның қарым-қатынасын қалыпқа келтіруде өте маңызды екенін атады.

Елші қарым-қатынасты жақсартуға сенім білдіретінін алға тартып, осы себепті АҚШ-тың Ресейдегі елшісі болып тағайындалуға келіскенін атап өтті.

Атап өтерлігі, елшінің айтуынша екі ел арасындағы қарым-қатынас Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына «араласуынан» күрделене түскен. Бірақ қарым-қатынасқа сызат түсудегі алғашқы себеп – Украинадағы жағдай екенін Хантсман атап өтті.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз