А. Мұхамедиұлы елорданың 20 жылдық мерейтойына қатысты шараларды атады

0
113
дереккөзден

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәжілістегі Үкімет сағатында Астананың 20 жылдығын тойлау жоспарларымен бөлісті.

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын атап өтуге министрліктің қызу дайындықта екенін атаған министр «Астаналар шеруі. Астананың 20 жылдығы және әлемнің 20 астанасы» атты ірі мәдени шараның жүзеге асырылуы қарастырылғанын және мерейтойлы жыл барысында мәдени ұйымдар мен театрлардың ірі көрмелері, концерттері мен фестивальдері өтетінін атап өтті деп хабарлайды Қазақпарат.  Аталған шара аясында министрдің айтуынша, Астанада Пекин ұлттық операсымен бірлескен Джузеппе Пуччинидің «Турандот» операсы сахналанбақ.

Арыстанбек Мұхамедиұлының мәлімдеуінше, ресейлік «ОРТ» телеарнасымен бірігіп 6 сериялы «Менің бақытым – Астана» сериалының премьерасының тұсауы елорда күні қарсаңында кесіледі. Сонымен қатар әлемнің жетекші опера театрларының, Жібек жолы симфониялық оркестрінің, Третьяковский галереясының сурет көрмесінің т.б гастрольдері жоспарланған.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз