26 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматыда жалпы саны 12 адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы сағат 16:20-да Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 109 адамға жетті. Алматыда – 40 адам, Нұр-Сұлтанда – 61 адам, Қарағандыда – екі адам, Шымкентте – екі адам, Алматы облысында – бір адам, Ақтөбе облысында – бір адам, Жамбыл облысында – бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам емделіп жатыр.
Бұған дейін билік өкілдері Алматы мен Нұр-Сұлтанда екі адамның айыққанын хабарлаған.