30 наурызда Алматы облысында бір адамнан вирус табылды. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі түскі сағат 12:45-те хабарлады. Осылайша облыста вирус жұқтырған саны жеті адамға жетті.
Қазақстанда жалпы науқастар саны 294 адам болды:
- Нұр-Сұлтанда – 167 адам
- Алматыда – 73 адам
- Атырау облысында – 12 адам
- Қарағандыда – 7 адам
- Ақмола облысында – 9 адам
- Алматы облысында – 7 адам
- Жамбыл облысында – 3 адам
- Шымкентте – 2 адам
- Батыс Қазақстан облысы – 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам
- Ақтөбе облысында – 2 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам
- Павлодар облысында – 1 адам
- Маңғыстау облысында – 1 адам
- Қызылорда облысында – 5 адам.
Барлығы 20 адам (Нұр-Сұлтан – 13, Алматы – 7) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.
30 наурызда Қарағанды облысындағы Қарағанды, Абай, Саран, Шахтинск, Абай қалалары және Атырау қаласы карантинге жабылды. Ақтау қаласында да жұрттың сыртқа шығуына шектеу қойылды. 31 наурызда Ақмола облысы да карантинге көшеді.