30 наурыз, кешке Қазақстанда тағы сегіз адам коронавирус жұқтырды. Оның алтауы – Қарағанды облысында, біреуі – Нұр-Сұлтанда, біреуі Алматы облысында. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі сағат 18.50-де хабарлады.
Қазақстанда қазір 302 адамнан коронавирус табылды.
- Нұр-Сұлтанда – 168 адам
- Алматыда – 73 адам
- Қарағандыда – 13 адам
- Атырау облысында – 12 адам
- Ақмола облысында – 9 адам
- Алматы облысында – 8 адам
- Қызылорда облысында – 5 адам
- Жамбыл облысында – 3 адам
- Шымкентте – 2 адам
- Батыс Қазақстан облысы – 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам
- Ақтөбе облысында – 2 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам
- Павлодар облысында – 1 адам
- Маңғыстау облысында – 1 адам.
Барлығы 20 адам (Нұр-Сұлтан – 13, Алматы – 7) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.