Қазақстанда тағы 24 адамнан коронавирус табылды. Алматы қаласында – 5, Алматы облысында – 9, Қызылорда облысында – 1, Түркістан облысында – 7, Нұр-Сұлтан қаласында 2 адамға вирус жұққан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 12 сәуір түнгі сағат 23:30-да хабарлады.
Қазақстанда жалпы науқастар 951 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 251
- Алматы қаласы – 165
- Қызылорда облысы – 118
- Ақмола облысы – 71
- Қарағанды облысы – 65
- Түркістан облысы – 43
- Солтүстік Қазақстан облысы – 25
- Ақтөбе облысы – 11
- Алматы облысы – 21
- Атырау облысы – 45
- Шығыс Қазақстан облысы – 6
- Жамбыл облысы – 46
- Шымкент қаласы – 38
- Батыс Қазақстан облысы – 9
- Қостанай облысы – 3
- Маңғыстау облысы – 10
- Павлодар облысы – 10
10 науқас қайтыс болған. Барлығы 99 адам айыққан.