СІМ: Польша Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

0
55
Photo: mfa.kz

13 сәуір күні Польшадан чартер рейспен “Wipasz” поляк компаниясының көп мәрте қолданылатын медициналық маскалары (100 мың дана) жеткізілді. Бұл ақпаратты Қазақстан сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Польшаның князь Любомирский қоры қашықтан оқитын Қазақстан оқушыларына сыйға берген компьютерлері (ноутбуктер) бар гуманитарлық жүктің кезекті партиясы да келген.

2020 жылғы 17 наурыз бен 12 сәуір аралығында Қазақстанға АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және БАӘ-нен гуманитарлық көмек жеткен.

Бұған дейін сыртқы істер министрлігі шетелдерден Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетуді сұрағаны жайлы ақпарат тараған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз