Әнші, композитор, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, “Құрмет” орденінің иегері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Гүлнар Дәукенова өмірден өтті.
Бұл туралы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, режиссер Асхат Маемиров Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.
“Алашын өміршең әндерімен, көкейкесті күйлерімен тербеген әнші-композитор, Қвзақстанның еңбек сіңірген артисі, ҚР Композиторлар Одағының мүшесі ГҮЛНӘР ДАУКЕНОВА өмірден өтті. Халық арасына кеңінен танылған “Сағындым сағым жылдар”, “Күрең күз”, “Қайран уақыт”, “Шыңдағы шынарым-ай”, “Мөлдір сезім” секілді көптеген әндердің авторы Гүлнар Даукенова әпкеміздің туындылары да, Өзінің жан дүниесі секілді шынайылыққа, сыршылдыққа, лиризмге толы болатын. Ширек ғасырдан астам уақыт ұлттық музыкамыздың қара шаңырағы – Құрманғазы оркестрінде еңбек етті. Еліміз тәуелсіздігін алған тұста үлкен толғаныстан туған “Жасай бер, Қазақстаным!” күйі – көптеген оркестрлердің репертуарының алтын қорына енді”, – деп жазды Асхат Маемиров.