Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 12 мыңнан асты

0
73

Өткен тәулікте Қазақстанда 271 адамнан коронавирус табылды. Қарағанды облысында – 68, Нұр-Сұлтанда 55 жаңа науқас анықталған. Сәрсенбі күні науқастар көп тіркелген облыс пен қалалар арасында Атырау облысы (35), Алматы қаласы (26), Батыс Қазақстан облысы (22) бар. Жалпы өсім 2,3 пайызды құраған. Бұл туралы 4 маусымда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Елде барлығы 12 067 адам вирус жұқтырған:

  • Алматы қаласы – 26 (Барлығы 2741)
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 55 (Барлығы 2344)
  • Атырау облысы – 35 (Барлығы 1175)
  • Шымкент қаласы – 3 (Барлығы 909)
  • Қарағанды облысы – 68 (Барлығы 1024)
  • БҚО – 22 (Барлығы 754)
  • Жамбыл облысы – 7 (Барлығы 405)
  • Түркістан облысы – 0 (Барлығы 384)
  • Алматы облысы – 21 (Барлығы 402)
  • Қызылорда облысы – 1 (Барлығы 449)
  • Ақтөбе облысы – 4 (Барлығы 367)
  • Павлодар облысы – 7 (Барлығы 224)
  • Маңғыстау облысы – 0 (Барлығы 308)
  • Ақмола облысы – 1 (Барлығы 167)
  • Қостанай облысы – 7 (Барлығы 191)
  • ШҚО – 11 (Барлығы 159)
  • СҚО – 3 (Барлығы 64)

Вирустан бір күнде 299 адам жазылған. Барлығы 6240 адам айыққан. 48 адам қайтыс болған. 3 маусымда түнде денсаулық сақтау министрлігі Қарағанды облысында 56 жасқа шыққан ер адам, Атырау облысында 69 жасқа шыққан ер адам, 56 жасқа шыққан ер адам, Нұр-Сұлтан қаласында 69 жасқа шыққан ер адам коронавирустан қайтыс болды деп мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз