Қарағандыда мектеп түлектері мінген көлік әкімдік ғимаратының маңына соғылды

0
192
Қарағандыда болған көлік апаты.

Қарағандыда мектеп бітіруші түлектер мінген көлік облыстық әкімдіктің ғимараты маңына соғылды. Тізгіндегі 17 жастағы жігіттің жүргізуші куәлігі болмаған. Бұл туралы Khabar 24 сайты хабарлады.

Олар мектептегі соңғы қоңырау мерекесіне келе жатқан. Оқушылардың ешқайсысы жарақат алмаған.

Алайда олар әкімдік ғимаратының қираған тұсын жөндеуі тиіс.

“18-ге толмаған бозбала жол оқиғасынан еш жарақат алмаған. Көлік өз атына алынған, бірақ куәлігі жоқ. Жол ережесін бұзған азамат 60 АЕК көлемінде айыппұл төлейді”, – деді Қарағанды қалалық ПБ бастығының орынбасары Ерлан Ақылбеков. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз