Өткен тәулікте 1687 адамнан коронавирус табылды

0
82

23 шілде күні Қазақстанда 1687 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ауру белгілері инфекция жұқтырған 776 адамда байқалған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Елде эпидемия басталғалы барлығы 78 486 адамнан коронавирус инфекциясы табылған.

Аймақ бойынша жағдай мынадай:

Атырау облысы – 9 710 (+180),
Алматы қаласы – 10 098 (+247),
Нұр-Сұлтан қаласы – 9 243 (+176),
Қарағанды облысы – 7 681 (+140),
Батыс Қазақстан облысы – 5 120 (+89),
Шымкент қаласы – 4 576 (+22),
Шығыс Қазақстан облысы – 4 914 (+216),
Алматы облысы – 3 880 (+78),
Ақтөбе облысы – 2 874 (+32),
Жамбыл облысы – 3 122 (+75),
Түркістан облысы – 2 552 (+20),
Маңғыстау облысы – 2 519 (+75),
Павлодар облысы – 2 644 (+61),
Қызылорда облысы -2 626 (+85),
Солтүстік Қазақстан облысы – 2 540 (+89),
Ақмола облысы – 2 210 (+49),
Қостанай облысы – 2 177 (+54).

COVID-19 індетінен 48 220 науқас айыққан. 21 шілде күнгі мәліметке сай коронавирустан 610 адам қайтыс болған.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі індеттен кейін күрт өршіген пневмония статистикасын COVID есебіне қосатынын хабарлаған еді. Бірақ осы аптада министр Алексей Цой коронавирус пен пневмония көрсеткіштері жеке көрсетіледі және оған бұған дейін тіркелген пневмония есебі (234 187) қосылмайды деп мәлімдеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз