Содырлардың жеңілісі терроризм мәселесін шешпейді – Ш. Мирзиёев

0
37
Өзбекстан Президентінің ресми сайты

Жауынгерлердің Сириядағы жеңілісінің нәтижесі террористік ұйымдарға қатысты мәселелерді шешпейді, олардың тағы қайдан пайда болатыны белгісіз деп мәлімдеді бейсенбі күні Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, деп хабарлайды РИА Новости.

Сириямен көршілес елдер лаңкестердің жеңіліс тапқанын айтады деп мәлімдеген Мирзиёев әрі қарай не болмақ, олар (террористер-ред) енді қайда барады? деген сұрақты төтесінен қойып, «белгісіз» деп  қайырды. Мұндай пікірді Өзбекстан президенті Өзбекстан Конституциясының қабылдануына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты шарада сөйлеген сөзінде айтты.

Өзбекстан президентінің пікірінше, содырларға қарсы қолданылатын күш әдіс-тәсілдері өзін ақтамайды,  жастар арасында лаңкестермен және экстремистермен еш байланысы жоқ Исламның шынайы мақсаттарын айқындауда жұмыс жүргізу қажет.

Ш. Мирзиёев бұл халықтың 60 пайызын 30 жасқа дейінгі жастар құрайтын Өзбекстан үшін өте маңызды екенін алға тартты.

Атап өтерлігі, Өзбекстан Республикасында Конститутция күні 8 желтоқсанда тойланады.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз