Коронавирус инфекциясы немесе пневмония жұқтырған 1259 медицина қызметкері мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) бір реттік төлем алды. Ал, аурудан қайтыс болған дәрігерлер үшін өтемақы олардың туыстарына аударылған. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
COVID-19 немесе пневмония жұқтыруына байланысты өтемақы көп төленген өңірлер:
Нұр-Сұлтан – 251
Алматы обл. – 139
Алматы қ. – 105
Қарағанды қ. – 97
Ақмола обл. – 95
Біржолғы төлем жөнінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен денсаулық сақтау министрінің шығарған бұйрығына сәйкес жоғарыда аталған медицина қызметкерлеріне:
- коронавирустық инфекция немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге;
- COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырғаннан, вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда олардың отбасына – 10 млн теңге көлемінде төленеді;