COVID-19: Өткен тәулікте Қызылорда мен Шымкентте науқас тіркелмеді

0
103
Медицина қызметкері жолаушының қызуын тексеріп тұр. Photo: Bauyrzhan Juasbayev

9 қыркүйекте Қазақстанда 86 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Бір күнде 206 адам жазылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Сәрсенбі күні Шығыс Қазақстан облысында – 17, Нұр-Сұлтанда – 13, Алматыда 11 адамнан вирус табылған. Қалған облыстар мен қалалардағы көрсеткіш оннан аспайды. Қызылорда облысы мен Шымкент қаласында жаңа науқас тіркелмеген.

Елде коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталғандар 106 584 адамға жетті. 90 пайыздан астамы жазылған. Наурыз айынан бері 1646 адам covid-тен қайтыс болды деп айтылады. Министрліктің мәліметінше, соңғы бір аптада (31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында) 46 адам коронавирустан қайтыс болған.

Алайда бұл статистикаға белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққандар енгізілмеген. Халықаралық сарапшылар пневмонияның осы түріне шалдыққандарды да коронавирусқа шалдыққандар есебіне қосып, есептеуге кеңес берсе де, Қазақстан билігі екі көрсеткішті бөлек жариялап келеді. Солай жасаған ДДСҰ мәліметінше, Қазақстанда 134 203 адам коронавирусқа шалдыққан. 1948 адам қайтыс болған.

Бұған қоса, коронавирус жұққаны расталған қайтыс болған жүздеген адам өлімі де статистикаға енгізілмеген. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі олардың өліміне коронавирус емес, “ілеспе ауру себеп болды” дейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз