Бір күнде белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққан 364 адам анықталған. Өткен тәулікте пневмонияның осы түрінен 66 адам жазылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
1 тамыздан бері елде коронавирус пневмониясына шалдыққандар 31 532 адамға жеткен, 345 адам қайтыс болған, жазылып шыққандардың саны 26 805 жетті.
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 4 адам қайтыс болды. Елде наурыз айынан бері 1 707 адам қайтыс болған. Коронавирус инфекциясы 76 адамнан анықталған, сонымен қатар жазылып шыққандар саны 155 адамды құрады. Елде жалпы ауырғандар саны 107 450 адам. Жазылғандар саны 102 219 адамға жеткен.
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 524 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 32 бала бар. Стационарларда 1 868 науқас жатыр. 1 656 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың ішінде 101 адамның ахуалы нашар, 20 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.