24 қыркүйек күні Қазақстанда коронавирусқа ұқсас пневмонияға 231 адам шалдыққан. Өткен тәулікте пневмонияның бұл түрінен бір адам қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
1 тамыздан бері 31991 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 347 адам қайтыс болған, 26 914 адам жазылған.
Денсаулық сақтау министрлігінің 23 қыркүйек күнгі мәліметі бойынша, тамыздың басынан бері Нұр-Сұлтан (3845), Алматы (3072), Шығыс Қазақстан облысы (4382), Қостанай облысында (2815) коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққандар көп тіркелген.
Өткен тәулікте коронавирус жұққаны ПТР тестімен расталған 4 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері 1715 адам көз жұмған.
Қазір 3 515 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. 40-ы – бала. Стационарда – 1 804, амбулаторлық жағдайда 1 711 адам емделіп жатыр. 98 адамның жағдайы ауыр, 13 адамның жағдайы – өте ауыр, 22 адам аппарат тыныс алу аппаратына қосылған.
Елде коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққандарды қосқанда барлығы 139 581 адам Covid-пен ауырған. 129 мыңнан астамы жазылған. Кемінде 2062 адам қайтыс болған.
Денсаулық сақтау министрлігі елде эпидемиологиялық ахуал тұрақталды дегенмен пневмония статистикасы құбылып тұр, коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны тұрақты түрде артып жатыр.