Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 4 адам қайтыс болды. Елде наурыз айынан бері вирустан 1 728 адам қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Коронавирус инфекциясы мына аймақтардан анықталған:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 6
- Алматы қаласы – 5
- Шымкент қаласы – 1
- Ақмола облысы – 2
- Алматы облысы – 2
- Атырау облысы – 1
- ШҚО – 21
- БҚО – 2
- Қарағанды облысы – 4
- Қостанай облысы – 3
- Павлодар облысы – 6
- СҚО – 5
Елде жалпы ауырғандар саны 107 833 адам.
Дерттен 69 адам жазылып шыққан аймақтар:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 3
- Алматы қаласы – 13
- Шымкент қаласы – 43
- Ақтөбе облысы – 5
- Атырау облысы – 3
- Қостанай облысы – 1
- Павлодар облысы – 1
Жазылғандар саны 102 805 адамға жеткен.
Қазіргі уақытта коронавируспен науқастанған 3 300 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 46 бала бар. Стационарларда 1 906 науқас жатыр. 1 394 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың ішінде 92 адамның ахуалы нашар, 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Бір күнде белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққан 10 адам анықталған. 1 тамыздан бері елде коронавирус пневмониясына шалдыққандар 32 500 адамға жеткен, 351 адам қайтыс болған, жазылып шыққандардың саны 27 073 жетті.