Қазақстанда өткен тәулікте 494 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, елде жалпы 114 235 адам вирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
5 қараша таңертеңгі ақпаратта 494 адам вирус жұқтырып, оның ішінде 222 адам Шығыс Қазақстан облысында. Бұдан бөлек 246 адам індеттен жазылып, барлығы 107 139 адамға жетті. Ал, 6 адам ауру салдарынан қайтыс болып, жалпы 1873 адам өлді.
Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 35
Алматы қаласы – 25
Шымкент қаласы – 8
Ақмола облысы – 29
Ақтөбе облысы – 6
Алматы облысы – 7
Атырау облысы – 8
Шығыс Қазақстан облысы – 222
Жамбыл облысы – 4
Батыс Қазақстан облысы – 29
Қарағанды облысы – 20
Қостанай облысы – 18
Павлодар облысы – 50
Солтүстік Қазақстан облысы – 32
Түркістан облысы – 1
Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 46
Алматы қаласы – 10
Ақмола облысы – 41
Ақтөбе облысы – 5
Алматы облысы – 7
Атырау облысы – 17
Шығыс Қазақстан облысы – 56
Жамбыл облысы – 5
Батыс Қазақстан облысы – 21
Қарағанды облысы – 15
Қостанай облысы – 7
Қызылорда облысы – 10
Павлодар облысы – 6
Соңғы 24 сағатта коронавирус белгілері бар пневмониның 209 жағдайы тіркелді. Ал жазылғандар саны 64 адам. Осылайша елде пневмонияны 38 490 адам жұқтырып, 28 963 адам жазылған.