АҚШ-тағы сайлау: Байден жеңіске жақындап келеді

0
114
АҚШ президенттігіне үміткерлер Дональд Трапм пен Джо Байден. Photo: quillgroup.com.au

4 қараша түнде АҚШ-тағы президент сайлауында 9 штатта дауыс саны есептелді. Таңға жуық сайлауда үлкен рөл ойнайтын Висконсин және Мичиган штаттарында да дауыс беру аяқталды. Америкалық БАҚ жеңісті Байденге беріп отыр. Өйткені Байденде 253 дауыс, ал Трампта – 214. Жеңіске жету үшін енді 270 дауыс қажет.

Қалған 6 штатта дауыс беру жалғасып жатыр. Байденге Невададан 6 дауыс ал Аризонадан 11 дауыс жинаса жеңіс үшін жеткілікті. Невадада есеп аяқталғаннан кейін дауыс берушілердің 86% әрі 8 мың дауыспен Байден басымдыққа ие болып тұр. Аризона штатында да 86% есептеліп 79 мың дауыспен Байден алда келеді.

Консервативті штат Джорджиядағы нәтиже республикашылдар үшін күтпеген жағдай болды. Онда дауыстың 5 пайызын есептеу қажет және Трамп 31 мың дауыспен басым түсті. Штатта сайлаушылардың 16 дауысы бар. Енді демократтардың жақтаушылары шоғырланған Атланта сайлау округтеріндегі дауыстарды санау қалды.

Солтүстік Каролинада (сайлаушылардың 16 дауысы) дауыстардың 5 пайызын санау қалды. Мұнда Трамп 77 мың дауыспен көш бастап тұр. Бұл аймақта бюллетеньдер пошта арқылы 12 қарашаға дейін қабылданады.

Пенсильванияда Трамп 184 мың дауыспен көш бастап тұр. Мұнда енді есептелуі тиіс 12% бюллетень бар. Кеше түнде 700 мың дауыс берілген.

Президенттіктен үміткер Байден өз жақтастарын пандемия тұсында пошта арқылы дауыс беруге шақырған. Ал республикашылдар жақтастарын сайлау учаскесіне келіп дауыс беруін сұрады. Осы себепті пошта арқылы келген бюллтендердің көбі Байденге берілген дауыстар болды.

Трамптың заңгерлері бұл жағдайда дауыс санауды тоқтатуға тырысады. Соттағы заңды дауласудан басқа кейбір штаттың заңдары ресми нәтижені апталап жарияламауға мүмкіндік береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз