Аргентинада Марадона жанкүйерлерімен полиция арасында қақтығыс болды

0
160
Буэнос-Айрес қаласындағы президент сарайында Диего Марадонамен қоштасуға келген жанкүйерлер тәртіп сақшыларымен қақтығысты. Бұл туралы ria.ru сайты хабарлады. 
Полициямен жанкүйерлер арасындағы қақтығыс қоштасу уақыты 26 қараша сағат 16:00-де (Нұр-Сұлтан 01:00) бітетіні белгілі болғанда басталды. Бүлікті тоқтатуға тырысқан үкімет қоштасу уақытының 19:00-ге (Нұр-Сұлтан 04:00) дейін ұзартқанын хабарлады.
Тәртіп сақшылары президент сарайына кірмек болған көпшілікті көз ашытатын гранаталармен және суық сумен атқылаған.

Билік жанкүйерлер жасаған тәртіпсіздікке байланысты Диего Марадонаның денесін президент сарайынан алып басқа ғимаратқа жасырын түрде жеткізген. Жағдай тұрақталғаннан кейін футболшының денесі бірнеше көлік және тікұшақтың күзетімен ата-анасы жерленген зиратқа жеткізілді. 
Аргентина құрамасымен футболдан 1986 жылғы әлем чемпионы атанған Диего Марадона өткен сәрсенбі күні 60 жасында жүрегі тоқтап қайтыс болды.
Аргентина президенті Альберто Фернандес футболшы Диего Армандо Марадонаның қайтыс болуына байланысты елде үш күн аза тұту жариялады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз