30 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласы қайтадан коронавирустың “сары” аймағына кірді. Ел астанасы “жасыл” аймақта небәрі бес күн болған. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық орталығы хабарлады.
Алматы қаласы да “сары” аймақта тұр. “Қызыл” аймаққа Ақмола, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары кірген. Қалған өңірлер – “жасыл”аймақта.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой егер өңір бір аймақтан басқасына ауысса, онда шектеулар тағы 14 күнге созылатынын мәлімдеген.
11 қарашада Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов карантин әзірге жеңілдетілмейтінін айтқан болатын.