Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 9 және пневмониядан 4 адам қайтыс болды. Елде жалпы коронавирустан 2121 адам, пневмониядан 462 адам өлді.Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
11 желтоқсан таңертеңгі ақпаратта 836 адам вирус жұқтырып, оның ішінде 129 адам Шығыс Қазақстан облысында. Індет жұқтырғандардың жалпы саны 139 995 адамға жетті. Бұдан бөлек 841 адам аурудан жазылып, барлығы 124 056 адамға жетті.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 818 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 999 бала бар.
Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 118
Алматы қаласы – 75
Шымкент қаласы – 7
Ақмола облысы – 67
Ақтөбе облысы – 9
Алматы облысы – 45
Атырау облысы – 40
Шығыс Қазақстан облысы – 129
Жамбыл облысы – 24
Батыс Қазақстан облысы – 40
Қарағанды облысы – 29
Қостанай облысы – 72
Қызылорда облысы – 4
Маңғыстау облысы – 9
Павлодар облысы – 90
Солтүстік Қазақстан облысы – 72
Түркістан облысы – 6
Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 92
Алматы қаласы – 28
Шымкент қаласы – 5
Ақмола облысы – 81
Ақтөбе облысы – 21
Алматы облысы – 72
Атырау облысы – 21
Жамбыл облысы – 14
Батыс Қазақстан облысы – 38
Қарағанды облысы – 12
Қостанай облысы – 197
Қызылорда облысы – 2
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 209
Солтүстік Қазақстан облысы – 42
Түркістан облысы – 5
Соңғы 24 сағатта коронавирус белгілері бар пневмониның 137 жағдайы тіркелді. Ал жазылғандар саны 65 адам. Осылайша елде пневмонияны 43 635 адам жұқтырып, 31 282 адам жазылған.