Коронавирус: Нұр-Сұлтан қаласы “қызыл” аймаққа енді

0
218
Photo: Turar Kazangapov

Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралуы бойынша “қызыл” аймаққа кірді. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық орталығы хабарлады.

Ел астанасымен бірге Павлодар облысы да “қызыл” аймақта тұр.

Бұған дейін “қызыл” аймақта болған Солтүстік Қазақстан облысы “сары” аймаққа ауысты. Қазір “сары” аймақта Атырау, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары мен Алматы қаласы да бар.

Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласы коронавирустың таралуы бойынша “жасыл” аймаққа кірген.

Жалпы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстан “жасыл” аймақта тұр.

Атап өтейік, өткен тәулікте елде 777 адам коронавирус жұқтырды. Осымен екінші күн қатарынан вирус жұқтырғандар саны бойынша астана бірінші орында тұр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз